«Жас қыран» әскери-патриоттық клубы мұражайға саяхат жасады

0

Гвардейск гарнизонындағы 30212 әскери бөлімінің ұйымдастыруымен «Жас қыран» әскери-патриоттық клубының құрамы Кенен Әзірбаев атындағы әдеби-мемориалдық мұражайға барды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру деген болатын.
Саяхат барысында мұражайдың гиді жас өрендерге мұражайда орналасқан 1920-1940 жылдардан бергі құнды құжаттарды, 1936 жылдардан бергі фотосуреттерді, көрнекті халық ақыны Кенен Әзірбаевтың жыр алыбы Жамбыл Жабаевпен және композиторлармен түскен фотосуреттерді, мұражайдың экспонаттар жиынында 1910-1920 жылдары ақынның өзі тұтынған жеке бұйымдарын, кішкене қолдан шапқан домбырасын, астауын, түйе жүн шекпенін тағы басқа да заттарымен таныстырып, тарихын айтты.
– Балалар мұражайға барып, танымдары кеңіп, серпіліп қайтты. Ата-аналары да ризашылығын білдіруде. Әскери бөлім басшылығына, ұжымына және әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметіне алғысымыз шексіз. Жасап жатқан жұмыстарыңыз жемісті, мол табысты болсын, – деді оқушылардың сынып жетекшісі Ажар Елібаева.
Жамбыл облысы Қордай ауданы тарихи тұлғалар шыққан ғылым, мәдениет, өнер саңлақтары дүниеге келген қасиетті өңір.
Осындай жұмыстар жүргізу арқылы жастардың бойында туған жеріне деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезім қалыптасатыны анық.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.