Әскери техникалар қысқы пайдалану мерзіміне ауыстырылды

0

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімдердің техникасы мен қару-жарағы қыс мезгілінде пайдалануға дайын.

Әскери бөлімдерде қару-жарақ пен әскери техниканы қыс мезгілінде пайдалану режиміне ауыстыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді.
Бұндай кешенді жұмыстар қару-жарақ пен әскери техниканы және материалдық-техникалық базаны қыс мезгілінде пайдалануға дайындау, жеке құрамды, парктерді және ондағы ішкі қызметті пайдалануды ұйымдастыру мен техникалық даярлауды жетілдіру мақсатында жүргізілді.
Парктік аймақтарда мамандандырылған бекеттер орналастырылған, онда әскери машиналардың механик-жүргізушілері мен экипаждары аккумуляторлық батареяларға қызмет көрсету жұмыстарын орындады, агрегаттардың, электр жүйелерінің жұмыс қабілеттілігін тексерді, әртүрлі түзетулер жүргізді, майлар мен жағармайларды және салқындатқыш сұйықтықтарды ауыстырды. Жауынгерлік машиналар паркінде жұмыс істеу кезінде барлық әскери қызметшілерге қауіпсіздік шаралары жеткізілді.
– Барлық қажетті қосалқы бөлшектер, жанар-жағармай материалдары, салқындату сұйықтықтары қоймаларда жеткілікті мөлшерде. Техника мен қару-жарақты қысқы мезгілге пайдалануға уақытылы және сапалы дайындау үшін бар күшімізді салдық, – деді артиллерия бригадасының командирі гвардия полковнигі Дәкен Жақсыбаев.
Қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы мезгілде пайдалану жағдайларына ауыстыру бойынша дайындық сапасы мен орындалған жұмыстар, сондай-ақ белгіленген нормаларға сәйкес жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз етілуі арнайы комиссиялармен тексеріліп, бағаланады.

Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.