Жас палуандар бақ сынады  

0

Әлжан ана ауылдық спорт кешенінде Республика күніне орай еркін күрестен жарыс өтті. Аталмыш шара 14-18 жас аралығындағы жастар арасында ұйымдастырылып, ауыл жастарының спортқа деген қызығушылығын арттыруды, ұлттық құндылықтарды дәріптеуді мақсат етті.

Сайысқа ауданның әртүрлі ауылдарынан келген жас палуандар қатысты. Жарыс барысында қатысушылардың шеберлігі мен төзімділігі сынға түсіп, қазақша күрестің барлық техникалық әдістері жоғары деңгейде көрсетілді.

Шара соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.