ЖАСТАР ҮШІН ЖАРҚЫН ЖОБА

0

Бейсенбі күні «Amanat»
партиясы аудандық филиалының мәжіліс
залында Жамбыл облысы жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған «Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын аудан жастарына түсіндіру мақсатында жиын өтті. Жиында аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Р.Беделбаев, «Отбасы банкінің» Қордай ауданы бойынша өкілі М.Қарашигенова жуырда ғана іске қосылған жеңілдетілген баспана несиесінің тиімді тұстары мен талаптарын аудан жастарына егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті.
Айтуларынша, аталмыш бағдарламаға жасы 35-ке дейінгі денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт және журналистика салаларында жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады. Сондай-ақ, қатысушы Қордай ауданында соңғы екі жылдан кем емес тұрақты тіркеуде болуы міндетті. 19 жылға берілетін несиенің ең жоғары сомасы — 13 млн. теңгеге дейін.
Ал пайыздық мөлшерлемесі мен бастапқы жарнасы — 5%. Өтінімдер 20-30 шілде аралығында e-zhambyl.kz сайтында ЭЦП кілті арқылы қабылданады.
Сала мамандарынан кеңес алуға жиналған жастар кездесу барысында бағдарламаға қатысты туындаған сауалдарын да жолдады. Олардың қатарында жобаға қатысушының несие тарихы ескеріледі ме, егер конкурстан өтпей қалған жағдайда бастапқы жарна қайтарылады ма, сатып алатын тұрғын үйге қандай талаптар қойылады сынды түрлі сұрақтар болды.

КІМДЕР ҚАТЫСА АЛАДЫ?

Облыста жаңа бастама ретінде Жамбыл облысының жастарына жеңілдікпен несие беруге арналған «Әулиеата жастары» бағдарламасы іске қосылды.
Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау мақсатында дайындалды.
Бағдарламаға жасы 35 ке дейінгі (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, журналистика салалары қатыса алады).

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
САЛАСЫНА ҚАНДАЙ САНАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЕНЕДІ?

Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Жамбыл облысында орналасқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес (оның ішінде ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) ұйымдарда жұмыс істейтін медицина қызметкерлері.

БІЛІМ САЛАСЫНА ҚАНДАЙ САНАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЕНЕДІ?

Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес (оның ішінде ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары және ғылыми-зерттеу институттарының ғылыми қызметкерлері.

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАНДАЙ
САНАТТАР ЕНЕДІ?

Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес ұйымдардың (оның ішінде ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) бейінді қызметкерлері.

СПОРТ САЛАСЫНА ҚАНДАЙ САНАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЕНЕДІ?

Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Жамбыл облысында орналасқан мемлекеттік (мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорындар, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар) және мемлекеттік емес (оның ішінде ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) ұйымдарда қызмет ететін спортшылар және жаттықтырушы-оқытушылар.

ЖУРНАЛИСТИКА
САЛАСЫНА ҚАНДАЙ САНАТТАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ЕНЕДІ?

Техникалық және әкімшілік персоналды қоспағанда, Жамбыл облысында орналасқан бұқаралық ақпарат құралдарының (оның ішінде ЖШС, АҚ және мемлекет 100% қатысатын КЕАҚ) қызметкерлері.
Тұрғын үй алуға қатысатын қатысушы Жамбыл облысында соңғы 2 жылдан кем емес тұрақты тіркеуде болуға міндетті және бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде отбасы мүшелері (жұбайы, балалары) Қордай ауданында тіркеуде болуы тиіс.
Жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы — 13 млн. теңгеге дейін. Несие беру уақыты — 19 жыл. Пайыздық мөлшерлеме және бастапқы жарнасы — 5%.
Облыс әкімдігі, Бағдарлама әкімшісі (жастар саясаты мәселелері басқармасы) және «Отбасы банк» Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арасында үшжақты несие шартына қол қойылды.
24 маусымда «Өңірлік коммуникациялар қызметі» орталығында баспасөз конференциясы өтіп, бағдарламаның басты талаптары мен шарттары түсіндірілді.
24 маусым – 19 шілде аралығында бағдарламаны аудан жастары арасында кең көлемде насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
20 – 30 шілде аралығында e-zhambyl.kz сайтында ЭЦП кілті арқылы өтінімдер қабылданады.
Бағдарлама әкімшісі 30 жұмыс күні ішінде келіп түскен өтінімдерді қарастырып, комиссия шешімімен оң нәтиже алған қатысушылардың жеке кабинетіне жолдама жібереді.
Қатысушы берілген жолдамамен 10 жұмыс күні ішінде «Отбасы банкке» жүгінеді.
«Отбасы банк» АҚ мақұлдауынан кейін қатысушы 60 күн ішінде үй іздейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.