«ӘУЛИЕАТА ЖАСТАРЫ» ТҰРҒЫН ҮЙ БАҒДАРЛАМАСЫ 2022 ЖЫЛДЫҢ 20 ШІЛДЕСІНДЕ БАСТАЛАДЫ!

0

Бағдарламаға тек Жамбыл облысының жастары ғана қатыса алады.
Өтініш 2022 жылдың 20 — 30 шілде аралығында e-zhambyl.kz сайты арқылы қабылданады.
Бағдарламаның шарттары:
Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн. теңгеге дейін;
Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
Бастапқы жарна — 5%;
Несие беру уақыты — 19 жыл.
Қатысушыға қойылатын талаптар:
Жасы 35-тен аспауы тиіс (35 жас кіреді);
Бағдарламаға қатысушы конкурсқа қатысуға өтінімді толтыру кезінде Жамбыл облысы аумағында өзі еңбек ететін салада соңғы 1 жылдан кем емес жұмыс өтілінің болуы;
«Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде жинақ шотының болуы;
Бағдарламаға қатысушыда және оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 жылда тұрғын үйдің немесе меншік құқығындағы тұрғын үйдің болмауы;
Әр отбасы мүшесіне бөлінген кездегі кірістің жалпы құны 3,9 ең төменгі күнкөріс деңгейі немесе 145 817 теңгеден аспауы қажет (2022 ж. 1 сәуіріне ең төменгі күнкөріс деңгейі – 37 389 тг).
Қай санаттағы азаматтар қатыса алады?
1. Денсаулық сақтау саласы
2. Білім беру саласы
3. Мәдениет саласы
4. Спорт саласы
5. Журналистика саласы.
Қосымша;
ЭЦП кілт керек;
Қатысушы өзінің жеке кабинетіне жолдама алады;
Қатысушы жолдамада көрсетілген уақыттан кейін 15 жұмыс күні ішінде «Отбасы банк» АҚ-на құжаттарын өткізеді;
Банктің мақұлдауынан кейін қатысушы 60 күн ішінде үй іздейді;
Рәсімдеу және несие шартына қол қою (несие соммасы сатушыға аударылады).

Leave A Reply

Your email address will not be published.