ЖАСТАР ХАЛЫҚ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАДЫ

0

Қазақстан Республикасының 30 жылдығы және 22 Наурыз мерекесіне орай «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі аудан жастары арасында спорттық және ұлттық ойындардан жарыс өткізді.

«Ұлттық ойындар – халық мұрасы» тақырыбында Отар ауылдық округінде жастар арасында асық ату, ләңгі тебу және арқан тарту секілді ойындардан жарыс ұйымдастырылып, І жүлделі орынды №3 БЖШО командасы, ІІ орынды – «Қайрат» командасы, ІІІ орынды – «Сұңқар» және «Ақтөбе» командалары иеленді.

Тарихи мұра болып қалған бұл ұлттық ойындарды ұмыт қылмайтын жас-тарымыз спорттық ойындарға да осал емес. Осы орайда, Ауқатты ауылдық округінде жастар арасында «Татулығымыз жарасқан Елміз!» атты өзге ұлт өкілдері арасында кіші футболдан жарыс өтті. Жарыс нәтижесіне сай І орынды  №9 орта мектептің «Тұлпар» командасы, ІІ орынды  №16 орта мектептің «Сұңқар» командасы, ІІІ жүлделі орынды №9 орта мектептің «Трудовик» командасы жеңіп алды. Аталған жарыс жеңімпаздары «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің бағалы сыйлықтарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.