ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

0

Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады. Бұл ретте салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды ұдайы төлейтін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам қызмет ететін жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.

1.Жастар практикасы уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады.
2.Жастар практикасын ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны шектелмеген.
3.Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.
4.Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғарғы оқу орнынан кейін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 3 (үш) жыл ішінде оқуын аяқтаған және 29 (жиырма тоғыз) жастан аспаған жұмыссыздарға арналған.
5.Жұмыс беруші өтінімде мынадай мәліметтерді: Ұлттық кәсіптер жіктеуішіне сәйкес кәсіпті, жұмыс орындарының санын, жұмыстың ұзақтығын, білім деңгейін, кәсіби дағдыларды, жұмыскерлердің нақты санын, бос жұмыс орындарының болуын, қосымша жұмыс орнын құру мүмкіндігін көрсетеді.
6.Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде кемінде 30 (отыз) айлық есептік көрсеткішті құрайды.
7. Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасындағы “жеке кабинет’’ арқылы жұмыспен қамту орталығына кезекті қаржы жылына жастар практикасын ұйымдастыруға электрондық өтінім береді.
Қордай аудандық жұмыспен қамту орталығы

Leave A Reply

Your email address will not be published.