ҚҰРМЕТТІ ҚОРДАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

0

Қордай ауданы бойынша Шекара басқармасы келісім-шарт бойынша әскери қызметке қабылдау жүргізіп жатқанын хабарлайды. Талаптары: орта арнаулы немесе жоғары білімді, мерзімді қызмет өткен үміткердің жасы 18-29 жас аралығында, бұрын сотталмаған болуы керек. Шекара қызметінде әскери қызметшілерге келесі жеңілдіктер мен әлеуметтік артықшылықтар қарастырылған. 160 700 -250 000 теңге аралығында тұрақты жалақы, отбасының әр мүшесіне 25 056-68 436 теңге аралығында тұрғын үй төлемдері. Ипотекалық несиелендіру арқылы баспаналы болу мүмкіндігі. 50 тәулікке дейін жыл сайынғы демалыстар, еңбек демалысына 2 қызметтік жалақы мөлшеріне дейін төленеді, жалақы сақталады. Ведомствоның медициналық мекемелерінде тегін емделу. Зейнетке 47 жастан шығу немесе 12,6 күнтізбелік жылдан кейін, зейнетке денсаулығы жағдайы бойынша шыққанда. Шекарада қызмет атқару және жауынгерлік қезекшілікке түскен кезде тегін тамақтандыру. Заттай мүлікпен, оның ішінде әскери формамен тегін қамтамасыз ету.

Мекенжайы: Қордай ауданы, Қордай ауылы, Беріктас к., 17.
Тел.: 8-726-36-69-426, 8-726-36-69-442, 8-726-36-69-342,
8-775-331-44-13, 8-708-705-92-92, 8-778-119-93-70.

Leave A Reply

Your email address will not be published.