«Жастар ресурстық орталығы» КММ мен аудандық аурухана жанындағы «Салауатты жастар» денсаулық орталығының бірлесуімен «Қыз баланың репродуктивті денсаулығы» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

0

Іс-шараның мақсаты – жасөспірім қыздардың денсаулығын сақтау, репродуктивті сауаттылық деңгейін арттыру және ерте жүктіліктің, түрлі аурулардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды. Кездесу барысында сала мамандары қатысушыларға қыз баланың физиологиялық дамуы, жеке гигиена, дұрыс тамақтану, сондай-ақ зиянды әдеттердің денсаулыққа тигізетін кері әсері туралы жан-жақты мәлімет берді.

Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, мамандардан нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға оң ықпал етеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.