ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫ

0

Аудан әкімінің орынбасары Д.Сүгірбайдың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес отырысы өтті. Жиынға бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, ұйым және мекеме басшылары, мешіт имамдары, БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіне үш сұрақ шығарылып, талқыға түсті. Олар: «Аудандағы білім беру мекемелерінде жастар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру және оны шешудің тиімді жолдары туралы», «Аудандық полиция бөлімінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мақсатында жүргізген жұмысы туралы», «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дін секторының жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша атқарған жұмыстары туралы».
Бірінші сұрақ бойынша білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Анара Қожабергенованың баяндамасы тыңдалды.
«Оқушылардың дін туралы саяси-мәдени білімдерін қалыптастыру мақсатында мектептердің 9 сыныбына, Ғарифолла Есімнің авторлық ұжымымен жазылған «Дінтану негіздері» курсы жүргізіледі, нақтырақ айтсақ, мектептегі 9-сынып оқушыларына «Зайырлылық және дінтану негіздері» факультативтік курсы «Дінтану негіздері» бағдарламасының басты мақсаты — жастар бойында жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды қалыптастыру және олардың әлемдегі бейбітшілік пен келісім үшін өзара түсіністікке негізделген қоғам құруға белсенділікпен саналы атсалысуын арттыру. Қордай ауданы бойынша мектеп оқушыларымен деструктивті діни ағымның алдын алу бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары атқарылды. Түсіндіру жұмыстарына жалпы 37 мектептен 9-11 сыныптар арасынан 1893 оқушы қамтылды. Атқарылған жұмыстарға тоқталып өтер болсақ, «В Контакте» әлеуметтік желісіндегі деструктивті діни контенттерге тіркелген оқушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 18 оқушы деструктивті діни топтардан шығарылған. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының тапсырмасына сәйкес 9-11 сынып оқушылары арасында діни ахуалды зерделеу мақсатында жасырын (анонимді) сауалнама жүргізіп, сауалнама нәтижесі бойынша көлеңкелі діни ағымға бейім оқушылар анықталмады», — деді А.Қожабергенова.
Аудандық полиция бөлімінің діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мақсатында жүргізген жұмысы туралы экстремизмге қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Жұмахан Мейіржан баяндады.
«Ағымдағы жылдың ақпан айында бір заңсыз миссионерлік қызмет дерегі анықталған. Кінәлі тұлғаға қатысты хаттама толтырылып, 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан тыйым салынған діни әдебиет алынды», — деді полиция қызметкері.
Күн тәртібінің үшінші сұрағы бойынша «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Расул Беделбаев сөз алды. Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне, ауылдық округ әкімдеріне, аудандық білім бөліміне, аудандық полиция бөліміне олқылықтарды жою және жұмысты жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді

Leave A Reply

Your email address will not be published.