2022 ЖЫЛДЫҢ 6 АЙЫНДАҒЫ СОТ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

0

Арнайы баспасөз конференциясына Қордай аудандық сотының төрағасы Е.Ілиясов, «Қордай шамшырағы-Кордайский маяк» және «Вестник потребителя и предпринимателя» газеттерінің редакторлары қатысты.

Е.Ілиясов өз баяндамасында статистикалық деректерді көрсетіп, оған сәйкес 2022 жылдың 6 айында Қордай аудандық сотымен 55 қылмыстық іс қаралғанын, оның ішінде айыптау үкім шығаруымен 46 іс қаралып, 1 қылмыстық іс іздеу жариялану үшін прокурорға қайтарылғанын жеткізді.
Қордай аудандық сотының төрағасының айтуынша 2022 жылдың 6 айында сотпен 433 азаматтық іс қаралды, оның ішінде 196 шешім шығаруымен, 106 сот бұйрықтарын шығаруымен, 81 іс өндірісінің қысқартылды оның ішінде 4 азаматтық іс бітімгершілік келісіммен аяқталды, 1 іс парсипативтік келісіммен аяқталды, 74 іс медиация тәртібімен аяқталған.
Осы кезеңде, сотпен 644 адамға қатысты 644 әкімшілік іс қаралды, 35 іс өндірісімен қысқартылды, 24 іс медиация тәртібімен аяқталған.
Қордай аудандық соты «Отбасылық сот», «Татуластыру рәсімдері» пилоттық жобаларына қатысады. Осы жобалар шеңберінде Билер Кеңесімен және медиаторлардың қатысуымен татуластыру рәсімдерін жүргізе отырып 81 іс татуластырумен аяқталған.
Сот төрағасы 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексі қолданысқа енгізілгенін айтып өтті.
2022 жылдың 6 айында 9 әкімшілік талап түсті, 6 талап қаралды оның ішінде 3 талап қайтарылған, 3 талап медиация тәртібімен аяқталған.
Іс-шара соңында Е.Ілиясов тілшілердің сұрақтарына жауап беріп, Қордай аудандық соты сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру, сот төрелігінің ашықтығы мен қолжетімділігі, сондай-ақ азаматтардың сот жүйесіне деген сенім деңгейін арттыру үшін барлық шараларды қолданып жатқанын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.