«Жасыл ел» – жасақтарының үздіктері марапатталды

0

Жастарды маусымдық жұмыспен қамту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында қолға алынған «Жасыл ел» жобасы  елімізде 2005 жылдан бастап табыс-ты жүзеге асып келеді. Жыл сайын ұйымдастырылатын еңбек жасағы биыл да жалғасын тауып, «жасыл елдіктер» ауданды көркейту, абаттандыру жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті.

Осыған орай сәрсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Жасыл ел – 2023» еңбек жасақтарының ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Іс-шараны аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Сатымқұл ашып, 2022 жылғы жасақ жұмысының іске асырылуына ерекше үлес қосқан ауданның орта арнаулы білім беру мекемелерінің ұжымдарына, «Қордай» гуманитарлық-экономикалық колледжі, «Береке» гуманитарлық-техникалық колледжі, №7 Бетқайнар колледжі және үздік студенттері Д.Асылбек, М.Иса, М.Әлқожа, Ж.Құрманбек, А.Бекбосын, Қ.Бөлеген, А.Киргизбаев, А.Әскербекке аудан әкімі Б.Болатбековтың атынан  алғыс хаттар және естелік сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыстады.

Айта кетейік, бүгінде «Жасыл ел» еңбек жасағының маусымдық жұмысына ауылдық округ жастары, студенттер, жұмыссыздар, NEET санатындағы жастар – барлығы 136 азамат тартылды. Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» мәліметіне сәйкес, жоспар бойынша жыл соңына дейін 200 азаматты маусымдық жұмыспен қамту көзделген.

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.