Кеңес беру алаңы өтті

0

Бейсенбі күні Қордай аудандық орталық саябағында жастарға арналған  Республикалық кеңес беру алаңы ұйымдастырылды.

Шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ, аудандық полиция бөлімі, пробация, халықты жұмыспен қамту орталығы, орталық аурухана, білім бөлімінің мамандары қатысып, жастарға мемлекеттік бағдарламалар жайында толыққанды мәліметтер жеткізіп, құқықтық, психологиялық, ақпараттық т.б кеңестер берді.

Ашық аспан астында өткен қабылдауға келген азаматтардың қарасы қалың болды. Олар кәсіп бастауға жеңілдетілген несие, жастарды баспанамен қамтуға арналған бағдарламалар, жұмысқа орналастыру сынды көкейінде жүрген сауалдарын қойып,  мамандардан тұщымды жауап алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.