«ЖАУЫНГЕР ЖЕРЛЕСТЕР» ЕСКЕРТКІШІ

0

Ұлы даладағы тарихи-мәдени ескерткіштер – ұлтымыздың байлығы. Халқымыздың өткенінен сыр шертетін қастерлі мұра. Ал шежірелі Қордай өлкесінде өткеннің сайраған ізіндей, көненің көзіндей тарихи және мәдени орындар жетерлік. Бүгін 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болғандарға қойылған «Жауынгер жерлестер» ескерткіші туралы жазбақпыз.
Аталмыш тарихи нысан Қарасу ауылындағы жергілікті әкімшілік ғимаратының жанында орналасқан. 1970 жылы орнатылған. Ескерткіш – төртбұрышты, жауынгер мүсіні бетоннан жасалған тұғырға тұрғызылған. Жалпы биіктігі – 4 метр. Композиция ортасында: «Родина не забыла ратные подвиги своих сыновей» деген жазу бар. Жазу үстінде қызыл жұлдыз бейнеленген. Ескерткіштің жан-жағындағы тақталарда соғысқа аттанған ардагерлер тізімі жазылған. Ескерткіш алдында қызыл бес жұлдыз түрінде мәңгілік алау тұр.
Әр ескерткіштің артында тарих, айтылар сыр, жазылар кітаптар жатыр. Ескерткіштер елдің сәні ғана емес, ол кейінгі ұрпаққа рухани азық, патриоттық тәрбие беруге қызмет ететін құнды дүние. Бабаларымыз қасық қаны қалғанша «Жеріміз жаудың табанында тапталмасын» деп күресті. Сондықтан, біз бүгінгі бейбіт күннің кімнің арқасында, қалай келгенін әсте естен шығармауымыз керек.
Қордай аудандық тарихи-өлкетану музейі

Leave A Reply

Your email address will not be published.