Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне алаңдаулы

0

Өткен аптада korday_mayak инстаграм парақшасына Қордай ауылының тұрғыны Домалақ ана — Тараз көшелерінің қиылысы жаяу жүргіншілер үшін қауіпті екендігін, дәл осы маңнан адамдарды көлікпен қағу оқиғалары жиі орын алғандығын алға тартып, бұл тұсқа жаяу жүргінші белгісі және жолағы қашан қойылатындығын сұраған болатын. Оқырманның сауалына жауап іздеу мақсатында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметімен хабарласып, істің мән-жайын анықтадық. Жол жүрісі қауіпсіздігіне жауапты тұлғалардың мәлімдеуінше, өткен жылы жергілікті полиция қызметі тарапынан Қордай ауылдық округі әкімдігіне Домалақ ана-Тараз көшелерінің қиылысына жаяу жүргінші белгісін орнату туралы нұсқама берілген. Көп ұзамай ол жерге жаяу жүргінші белгісі қойылған. Ал Қордай ауылдық округі аппараты Домалақ ана — Тараз көшелерінің қиылысына жаяу жүргіншілер жолағын сызу биылға жоспарланғанын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.