АУЫЛ ЖАСТАР АРАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

0

Аудандағы этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар жоспарына сәйкес бүгін Қарасай ауылының жастары арасында үстел теннисінен жарыс өтті.

Ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалана отырып, достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарысқа ауыл жастары қызығушылықпен қатысты.

Округке қарасты Еңбек ауылынан да бір топ ауыл жастары келіп, тартысты ойын көрсетті.

Жарыс нәтижесімен үстел теннисінен жүлделі орындарға ие болған қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.