ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА ҚОРДАЙЛЫҚТАР

0

Ұлт денсаулығын нығайтуда бұқаралық спорттың алатын орны ерекше. Ауданымызда спорттық жетістіктеріміз аз емес. Жуырда спортшыларыныздың қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде Балалар жылына орайластырылған Жамбыл облысының «Ауыл ойындары-2022» спорт фестивалі өтті.

Іс-шараға бүкіл облыстан жиналған 11 команда қатысты. Аудандардан келген 376 спортшы 14 жасқа дейін, 14-18 жас, 18 жастан жоғары жас ерекшелігі бойынша ләңгі тебу, асық ату, қашпа доп, секірмекпен секіру сынды ойындарда өзара мықтыны анықтады. Сондай-ақ жарысқа №10, №14, №26, №30, №41, №43 орта мектептерінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Жас бойынша үш санатта да жинаған ұпайлардың басымдығымен қордайлық командаға тең келер ешкім болған жоқ. Нәтижесінде қордайлықтар жүлделі бірінші орынға ие болып, Байзақ ауданының командасы күміске қол жеткізсе, Жамбыл ауданының спортшылары үздіктер үштігін түйіндеді

Leave A Reply

Your email address will not be published.