Жасы 20-ға толмаса да, талай додаларда жеңіс туын желбіреткен спортшыларымыз бар. Олар жасөспірімдер арасындағы, Азия біріншіліктері, әлем чемпионаттарынан жүлде алып жүр. Мәселен, «жауырыны жер иіскемеген» 11 жасар Богдан Башкатов жуырда греплинг күресінен халықаралық спорттық жарыстар жеңіске жетіп, өзінің жас санатында чемпион атанды.
2009 жылы дүниеге келген Богдан 8 жасында греплинг күресімен айналыса бастаған. Содан бері ол жаттығуларға қатысып, тәжірибелі жаттықтырушы Гафур Абдуллаевтан тәлім алып, бар жан-тәнін салып, тұрақты түрде айнаысып келеді. Биыл Богдан Қырғыз Республикасының Чолпон Ата қаласында өткен халықаралық греплинг күресінен жарыстарға қатысты. Жарысқа Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Өзбекстан және басқа да елдердің спортшылары бақ сынаған болатын. Турнирде Богдан Қырғызстан өкілдерімен 3 жекпе-жек өткізіп, бәрін мерзімінен бұрын аяқтаған. Соңғы жекпе-жекте ол Маңғыстаудан келген қарсыласымен кездесіп, жеңіске жетеді
Ал бұған дейін 7-9 маусым аралығында Алматы қаласында «TurkicWorldchampionship 2024» халықаралық жарысы өтіп, онда да ол «алтынға» ие болады.
«Богдан спортпен 6 жасынан айналыса бастады. Басында таэквондомен, сосын ММА-да. Өзінің жаттықтырушысы Гафур Абдуллаевты ерекше жақсы көреді. Жаттығуларға қуана қатысады. Осы уақытқа дейін оның сандығында 50-ге жуық жеңіс, ережесіз жекпе-жектен 4 чемпиондық белбеу бар», — деп әкесі Рустам Башкатов мақтанышпен айтып отыр.
Чемпионның ата-анасы болу – зор еңбек. Ол көп уақытты, сабырлық пен күшті қажет етеді. Сонымен қатар, мақтаныш пен үлкен қуаныш. Әкесі Рустам баласын үнемі қолдап отырады. Оны жаттығуларға өзі алып барып, сонда күтеді, содан соң жарыстарға да бірге барады. Сонымен қатар, Богдан оқудың да үздігі, спорт пен мектепті жақсы үйлестіре алады. Ағылшын тілінен қосымша сабақтарға барып та үлгереді. Ал, уақыты қалып бара жатса, гитарада ойнауды да үйреніп жүр.
«Кез келген қарсыласты бағаламауға болмайды. Соңғы жарыстарда менің барлық қарсыластарым өте күшті болды, бірақ соңғы жекпе-жек менің есімде ерекше болып қалды, өйткені ол ең қиын болды. Ол физикалық және техникалық жағынан өте күшті спортшы болмайтын едім. Қатарластарыма айтқым келгені – ата-аналарыңды тыңдаңдар, олар сендерге әрдайым көмектеседі, кеңес береді», — дейді біздің кейіпкеріміз.
Жас споттшы жеңісі ол үшін жалғыз халықаралық жеңіс болған жоқ, ол өзінің ұлттық деңгейдегі жетістіктерін бірінші рет растап қана қоймай, сонымен қатар басқа елдердің үздік спортшыларымен бәсекеге түсе алатынын дәлелдеді.
Мадина УЗБЕКОВА