ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

0

Таяуда көршілес Қырғызстан мемлекетінде жастар мен жасөспірімдер арасындағы әскери қоян-қолтық ұрысы бойынша республикалық ашық біріншілік өткізіліп, жерлестеріміз жеңімпаз бен жүлдегерлер тұғырынан көрінді.

Аталмыш турнир Кеңес одағының батыры, генерал-лейтенант Калыйнур Усенбековты еске алумен қатар, Ұлы Отан соғысының 80 жылдық мерейтойына арналды.

Әр-түрлі салмақ дәрежесінде «Қордай батыр» спорт клубының жас жұлдыздары Магомед Хазиев, Ильгам Аманов, Никита Вагутин жүлделі бірінші орынды иеленді. Ал, Юсув Юсупов екінші орыннан көрінді. Сонымен қатар, Амир Малиев, Ержан Жолдас, Данияр Тұңғатар, Ералы Тлеуов жүлделі үшінші орынды қанжығалады. Жаттықтырушылары Қазбек Орманбек, Салим Фараджиев, Нурислам Искандар, Алишер Орманбек. Осымен қатар аймағымызға танымал жаттықтырушы Қайрат Катчибаевқа Әскери қоян-қолтын ұрыс бойныша ІІ-дан атағы беріліп, арнайы куәлігі табыс етіліп, бағалы сыйлыққа ие болды.

Жарыс жеңімпаздары Асқар Жумабаев пен ата-аналарға спортшыларды қолдап, демеушілік көрсеткенін үшін алғыстарын айтуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.