ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0

23 қаңтар Астана уақыты бойынша сағат 00:09-да Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде эпицентрі Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісі Астана, Алматы қалалары, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында сезілді.

(Алматы — 5 балл)

Орын алған жер сілкінісі оқиғасына байланысты сейсенбі күні аудандық жедел штаб отырысы өтті.

Штаб отырысында жер сілкінісі орын алған кезде болуы мүмкін төтенше жағдайлардың алдын алу жолдары қарастырылды және шұғыл әрекет ету жасағын жинап, дайындығы тексерілді.

Ауданның шұғыл әрекет ету жасағы төтенше жағдайларды жою бойынша атқарылуы тиіс іс-әрекеттерді пысықтады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.