ЖЕКЕ КІТАПХАНА РУХАНИ МҰРА КӨЗІ

0

Кітап – адамның жан дүниесін рухани жағынан байытатын асыл қазынасы. Тарихқа үңілсек, көптеген кітапқұмар жазушылар мен ғалымдардың өздерінің жеке кітапханалары болған. Жеке кітапхана – адамның талғамы мен интеллектісінің жоғары екендігінің көрсеткіші, рухани байлығының өлшемі болып саналады. 

Қордайлық заңгер, бүгінде өмірден өткен Окуньков Анатолий Яковлевич жылдар бойы өзінің жеке кітапханасын жинақтаған. Кітап сенімді серігі, ажырамас досы болды. Өмірін кітапсыз елестете алмаған оның жеке кітапханасында құнды әрі қызықты кітаптардың саны көп.

Заңгер өмірден өткен соң артында қалған әйелі Окунькова Людмила  Петровна мен немересі Ксения Владимировна тұрақты жерін ауыстыруына байланысты Анатолий Окуньковтың кітаптарын оқырман игілігі үшін аудандық орталық кітапханаға алып келіп тапсырды. Аудандық кітапхана қоржыны  сирек кездесетін, ерекше мазмұнды кітаптармен толықты. Осылайша жақсы адамның аты өшпей, артында баға жетпес мұрасы қалды.  Жаны жайсаң адамдарға алғысымыз шексіз.

Қордай аудандық кітапханасы

Leave A Reply

Your email address will not be published.