ЖЕЛІНІҢ ӘЛЕГІ

0

Ғаламтор және ондағы ресурстар, бүгінгі таңда адамдардың өміріне көп әсерін тигізіп жатыр. Таяқтың екі ұшы болатыны секілді, әлеуметтік желілердің адам баласы үшін пайдалы және зиянды тұстары да баршылық. Күн жоспарындағы атқарылуы тиісті жұмыстардың аяқталмауына да, көп әсерін тигізіп жатады. Сонымен, әлеуметтік желілердің соның ішінде инстаграмның пайдасы мен зияны қандай?

Инстаграмнан бөлек, смартфонымыздағы әр түрлі мессенджерлер біздің тыныш ұйықтап, қамсыз оянуымызға айқын кедергі келтіріп жатыр десем артық айтқаным емес. Себебі, ұйқыға жатар кезімізде, «ешкім хабарлама жазбады ма екен, күні бойы қандай оқиғалар болды» деген ой, телефонды қоя салуға мүмкіндік бермейді. Ал, ұйқыдан тұра сала, маған ешкім хабарлама қалдырмады ма екен, бұл әлемде қандай өзгеріс болды екен деген ой адамды қаумалайтыны өтірік емес. Жастар қауымы, тамақтану орындарына барса вай-фай іздейді, және бес-он минут сайын телефондарын қайта-қайта тексерумен уақыттарын өткізеді. Бұл, адамдар өздерінің қазіргі сәттегі өмірінен ләззат алудың орнына, телефонға телмірумен уақыт өткізетіндігіне әкеліп отыр, сәйкесінше адам өз өміріндегі мәнін жоғалтып алуы мүмкін.

Интернеттегі ақпаратты сүзгіден өткізе алмаған оқырман үшін оның зияны орасан зор болуы мүмкін. Себебі, ондағы айтылған, жазылған барлығы дерлік шындыққа жанаса бермейді. Ал, кейде қызықты контенттің артынан кетіп, еш пайдасы жоқ, тіпті зиянды платформалардан шығуы әбден мүмкін.

Әлеуметтік желі, адамдарды күйзеліске ұшыратады. Бұл, күйзелістің де себептері әр түрлі. Қазіргі күні, адамдардың назары «Instagram» әлеуметтік желісінде. Бұл желі қолданушалары бәріміз білетіндей, күнделікті «stories»-термен, әр түрлі форматтағы видео-фотоларды жүктеу үшін ешқандай кедергілер жоқ. Әрі, инстаграмдағы блогерлерді тамашалайтын адамдар саны, басқа әлеуметтік желілерден  басым.

Иә, бұл қалайша адамды күйзеліске әкеледі? Адамдар, желіге ешуақытта өздерінің өмірінің сәтсіз тұстары мен қарапайым күндерін салмайды. Ал, бұл «мінсіз, қиындықсыз, оңай» жетістіктерді басқаларға көру ауырлық әкеледі. Себебі, әр адамның миында өзін-өзі бағаламау пайда болады да, «менің істеп жүргенімнің бәрі бекер, мен түкке тұрғысызбын» деген сынды эмоционалды күйінуге әкеледі. Мысалға, 16 жастағы блоггер қызды алсақ, ол өзінің парақшасында, тек сәтті шыққан жұмыстары мен, керемет өтетін демалысын, қымбат брендтерден жасалып жатқан шоппингтерді ғана салады да, айлық табысын 1 000 000 теңге, әрі «мен ата-анама да өзіме де көмектесіп жүрмін» деген посттарын ылғи салып отырады делік. Бұл қыздың аудиториясын бақылайтын әртүрлі адамдарда «мен қанша еңбектеніп келе жатсам да, неге бұндай ақша таппаймын? неге менің өмірім сәтсіздікке толы?» деген сынды ойлары қалыптасады. Бұл ойлар адамды күйзелістің шырмауына алып, негативті эмоцияларға толтырып тастайды. Қазір осындай жәйттардан жастардың арасында жаңа лексиконда пайда болды «табысты табыс (успешный успех)». Осы арқылы адамдар өзінің жеткен жетістіктерін бағаламайды себебі, оларға әрқашан бір нәрсе жетпей тұрғандай көрінеді , өзі қалаған мақсатына қол жеткізседе бір нәрсе жетпей тұрғандай бір дүниеден қалып қалғандай сезім адамдарды әр сәттен ләззат алу сезімінен айырып тастайды.

Бірақ, әлеуметтік желі арқылы көптеген өнерлі жастардың жұлдызы жанып жатқанын да айтып өту керек. Бұл, үлкен мүмкіндіктерге жол ашу деп те айтуға болады. Кез-келген дүниенің жақсы жағын меңгере алар болсақ, жетістіктерге жетуімізге болады. Әрі, әлеуметтік желінің бір жақсы жері, көпшілік пен тіл табыса алмайтын адамдар, хабарламалар арқылы өздерінің бизнестерін дамыту үстінде. Әлеуметтік желі, көптеген адамдарды онлайн жұмыс пен қамтып отыр, бұл, заман талабы деп білемін. Мен, бұл арқылы, жастарға және аға буындарға, әлеуметтік желі арқылы өмір сүру мен бақытты болуыды ұмытпауды айтқым келеді.

Ақтоты МУКАШЕВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің журналистика факультетінің 2 курс студенті

Leave A Reply

Your email address will not be published.