Қаракемер ауылында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шара барысында аудандық «Қордай шамшырағы» газетінің бүктемелеріне «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбындағы ақпараттық материалдар жапсырылып, ауыл тұрғындарына таратылды.
Ақпараттық материалдарда пара беруге және пара алуға жол бермеу, қызметтік мүмкіндіктерді жеке мақсатқа пайдаланбау, заң талаптарын сақтау және құқық бұзушылықтарға бейжай қарамау қажеттігі түсіндірілді.
Жемқорлықтың алдын алу – баршамызға ортақ міндет. Адалдық пен әділдік – қоғам тұрақтылығының негізі!
#ЖемқорлыққаЖолЖоқ #Қордай #Қаракемер #Адалдық #ЗаңЖәнеТәртіп