ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

0

Облыс аудандары кезегімен өз мерейтойларын атап өтуде. Жақында Сарысу ауданы өзінің 95 жылдығына орай жас ақындар арасында мүшайра өткізген болатын. Аталмыш мүшәйраға белсене қатысқан қордайлық Әділет Құттыбай жүлдегер атанды.

 

«Сарысуым – саялы өлкем» атты облыстық жас ақындар байқауы Сарысу аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен өтіпті. Оған жалпы аймағымыз бойынша жазба ақындар қатысып, нағыз сөз сергерін анықтаған. «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы», — деп Ұлы Абай жырлағандай сөз патшасы болған өлең жарысында жерлесіміз жүлделі ІІІ орынға ие болып, арнайы диплом және бағалы сыйлықпен марапатталыпты. Бұл Әділеттің биылғы жылға екінші жүлдесі. Осыған дейін Тараз қаласында өткен байқауда да жүлдегер атанған болатын.

Жеңіс құтты болсын, қанатың талмасын, деген тілегімізді біз де жеткіземіз.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.