ЖЕРЛЕСІМІЗ ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

0

Саха Республикасының астанасы Якутск қаласында VIII халықаралық «Азия балалары — 2024» спорттық ойындары өткізілген болатын.
3-5 шілде аралығында «Эллэй Боотур» мұз сарайында өткен байрақты бәсекеде «Кураш» күрес спорт түрінен, жас спортшы, жерлесіміз Шариз Буралкинова ел намысын қорғап, жүлделі 3-ші орынды иеленді.
Атап өтсек, Ш.Буралкинова Отар ауылындағы 43 Б.Момышұлы атындағы орта мектебінің 9 Е сынып оқушысы. Ауылдағы №1 Балалар мен жасөспірімдер орталығында самбо күресі бойынша жаттықтырушы Байрам Бегжановтан тәлім алады. Ендеше, намысты ту еткен жас спортшымызға жеңісті жолдары жемісті болғай деп тілейміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.