Мектеп оқушылар арасында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараны Сарыбұлақ ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы және жастар ісі жөніндегі маман бірлесіп өткізді.
Түсіндіру жұмыстары барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жолдан өту кезінде жаяу жүргіншілер өткелін пайдалану, бағдаршам сигналдарына назар аудару, сондай-ақ жол бойында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді.