ЖОЛДАСТЫҚ КЕЗДЕСУ

0

Өткен аптада аудан орталығында Спорт күніне орай арналған шағын футболдан жолдастық кездесу өткізілген болатын. Ауданда футбол спортының дамуына көптеп септігін тигізген «Достар» коман- дасын қалың жұрт жақсы біледі. Еліміздің өңірлерінен бөлек көрші Қырғызстанның да біріншілігінде топ жарған команда бүгінде ауданның аңызына айналған. Осы аталмыш команда мен аудан әкімдігінің қызметкерлері арасында жолдастық ойы- ны ұйымдастырылған еді. Ұйымдастыруға
ұйытқы болған ардагер ойыншы аудандық мәслихатының хатшысы Нұрдин Садыков әуелі барша спортшыларды аталмыш мерекемен құттықтады. Осыдан кейін сөз кезегін алған ардагер аяқ допшылар жастарға жігерге толы тілектерін тілеп, болашақтарына сәттілік тіледі. Бірі елуді еңсерсе енді бірі алпыс жасты алқымдаған аға футболшылар әдемі ойын өрнегін көрсетті. Әрине жастарға тәжірибе жетіспеді. Алайда, ардагерлерді ойын барысында әбігерге сала алды. Жарты сағаттан
аса уақытқа созылған ойын нәтижесінде ардагер спортшылар жеңіске жетті. Жалпы есеп қорытындысы 4-2 болды. Ойын соңында жастар жағы аға буын өкілдеріне алғыстарын айтып, осындай ойын көптеп
ұйымдастырылып тұруын қалайтындарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.