ЖОСПАРҒА САЙ ӨТЕДІ ДЕП КҮТІЛУДЕ

0

Жалпы елімізде жылыту маусымы бастау алды. Сол сияқты ауданымызда да маусымға дайындық жұмыстарына ертеден қамданып, барлығы жоспарға сай өтуі үшін жағдай жасалған болатын. Биылғы жылытуда нендей өзгерістер орын алды, қандай жаңалықтар болды? Сол туралы айтып өтсек.

Қордайда аудан әкімінің өкіміне сәйкес 13 қазанынан бастап жылу беру басталған болатын. Білім, мәдениет, спорт, денсаулық салаларында, жалпы жылуға қосылған 191 мекеме   бар болса, олар 142 ғимаратта орналасқан. Сол 142 ғимараттың 67-сі газбен,  74-і көмірмен, 1-і дизель отынымен жылытылады.

Жылыту маусымына дайындық барысында алдын-ала зерделеуге аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жұмысшы топ құрылып, тиісті жұмыстар атқарған.  Қазіргі таңда мамандар ауданда газдын қысымы жеткілікті мөлшерде беріліп жатқанын айтып, нысандарға жалпы 14 474 тонна көмір қажеттілігі анықталған.  Бүгінгі күнге 7 674 тонна көмір жеткізіліп, қалғаны жылыту маусымы барысында кестеге сәйкес тасымалданбақ.

Осы орайда аудан бойынша мекемелерді қатты отыннан газға ауыстыруға үлкен ден қойылып отыр. Мәселен, биыл Бетқайнар ауылының №27 орта мектебінің қазандығын табиғи газға ауыстыру жұмыстарын аяқталған,  Масаншы ауылындағы №12  мектепке жер астымен келетін жылыту құбырларын және Қарасу ауылындағы №7 орта мектепке сыртқы жылыту жүйесін ағымды жөндеуге а 13,2 млн. теңгеге бөлініп, жұмыстар жүргізілген.

Масаншы, Сұлутөр, Ауқатты ауылдық мәдениет үйінің қазандықтарына газ құбырын кіргізуге жалпы 11,4 млн. теңгеге мердігерлермен  келісім шарт жасалған, жұмыстары жүргізілуде. Ал, Кенен ауылындағы мәдениет үйіне табиғи газ кіргізу толығымен аяқталған.

Осылардың ішінде жекелей тоқталып өтер болсақ, білім саласында 76 нысанда 65 қазандық бар. 26 нысан табиғи газбен,  38 нысан көмірмен, 1 нысан дизель отынымен жылытылады. 48 мектеп аудандық коммуналдық шаруашылық кәсіпорының теңгерімінде. Одан бөлек мекеме теңгерімінде орталық аурухана және 5 көп қабатты тұрғын үйлер бар. Мекеме тарапынан жылыту маусымына көмір сатып алу тауарлар биржасы арқылы анықталған.

Мектептерге жалпы 3200 тонна көмір жеткізілді, кәсіпорын қоймасында 2000 тонна көмір бар. Ал, Гвардейск қалашығындағы №43 мектеп қазандығына 200 тонна дизель отынын жеткізу үшін жұмыстар атқарылған.

Балабақшалардың қазандықтары өз теңгерімдерінде. Жалпы 1045 тонна қатты отынға 23,3 млн. теңге қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігерлер анықталған. Бүгінгі күнге 1045 тонна көмір толығымен жеткізілген.

Мәдениет саласында 61 мекеме бар. Олар орналасқан 24 ғимаратта 48 мекеме орналасқан, қалған 13 мекеме ауылдық округ әкімдігі, білім және денсаулық сақтау мекемелерінің ғимараттарында. 24 қазандықтың, 15-і табиғи газбен, 9-ы қатты отынымен жылытылды.

Спорт саласында 13 нысан бар. Барлығы газға қосылған. Денсаулық сақтау саласында 41 нысанда бар болса, ондағы нысандардың 12-і табиғи газбен, 3-і қатты отынмен жылытылады.  Қалған 24 нысан тұрмыстық қатты отын пештерін пайдаланады. Сортөбе ауылдық ауруханасының алаңында 200 келушіге арналған емхана құрылысы жүргізілуде, жоба 2024 жылға өтпелі. Ол жұмыстар аяқталған соң аурухананы газға ауыстыру қарастырылған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.