ZOOM АРҚЫЛЫ ЭКСКУРСИЯ

0

Бейсенбі күні аудандық кітапхана ғимаратында арнайы аудан ақсақалдары үшін ZOOM форматы арқылы еліміздің Ұлттық музейі бойынша онлайн-экскурсия өткізілді. Іс-шара Тұңғыш Президент күніне және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орайластырылды.
Орталық кітапхананың оқу залына жайғасқан ардагерлер мен ақсақалдар үлкен экраннан Ұлттық музей бойынша экскурсияны тамашалады. Көрермендер тас, қола, темір дәуірлерінен бастап бүгінгі күнге дейін еліміздің тарихын көру мүмкіндігіне ие болды. Экраннан археологиялық қазбалар, көне қолжазбалар, ата-бабаларымыз қолданған қару-жарақтар мен үй жабдықтары көрсетілді. Сонымен қатар көрермендер экран арқылы тарихи маңызы зор жәдігерлермен, ел дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалармен танысты. Шара барысында ақсақалдар алған әсерлерімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды.
«Бүгінгі онлайн-экскурсия тарихты терең білуге, уақыт пен қашықтыққа қарамастан өткен күнге шолу жасауға мүмкіндік берді. Карантиндік шектеулер салдарынан көптеген қолайсыздықтар туындап отырған бүгінгі күні бұл Ұлттық музейді көзбен көруге тамаша мүмкіндік болды, — дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет.

Leave A Reply

Your email address will not be published.