«ЗОРЛЫҚ — ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ»

0

Қазіргі таңда тәуелсіздік алған мемлекетімізде зорлық-зомбылыққа жол жоқ. Оның етек алуы отбасынан басталады. Әр ата-ана балаларының алдында жауапкершілікті сезініп, дұрыс тәлім-тәрбие беруі тиіс.

Балалар-еліміздің болашағы. Тек балалар үйінің тәрбиеленушілері ғана емес, қарапайым отбасы балалары да зорлық көруде. Барша адамның жауына айналған алкоголь ішімдіктері көптеген адамдарға зардабын тигізуде. Ішімдікке масайған ата-ана, балаларын қараусыз қалдырып, оларға қол жұмсап, тағдырдың тәлкегіне салуда.
Ал, өмір есігін аша сала далада қалатынына не дерсіз?! Қазірде Қазақстанда көптеген аналар жаңа туылған сәбилерін далаға тастап кетуде. Әрине, өз құрсағынан шыққан баланы далада қалдырып, өз болашағына, баланың болашағына балта шабады. Ананың бесік жырынан басталатын қарым-қатынасы, іс-әрекеті, әдет-ғұрып, салт-дәстүр осылардың бәрі адамның дүниетанымын, сана-сезімін, мінезін қалыптастыратын тәлімдік мұра.
Жан азабын шектірген зорлық-жәбірленушінің қарсылық көрсетуіне, өз құқықтары мен мүдделерін қорғауына деген ерік жігерін жасыту үшін қорқыту, адамның психикасына әсер ету.
Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы-баланың көз алдындағы үлгі — өнеге алатын, оған қарап өсетін нысаны. Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Зорлық-зомбылық тәрбиесіздіктен де туындайды. «Тәрбиесіздік — ол адамзаттың қас жауы, тәрбиесіз берілген білім келешекте адам өміріне апат әкеледі» деген болатын ұлы бабамыз Әбу насыр әл Фараби. Балалар құқығын қорғау — егемен еліміздің асыл құндылықтарының бірі. Сол үшін өскелең ұрпақтың дұрыс тәрбие алып, қоғамдағы құқықтарының сақталу жолында аянбай еңбек етуі керек. Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу — бұл тек мемлекеттің ғана емес,сонымен қатар жекелеген әрбір адамныңміндеті.
Баланың отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алуы ата-анаға байланысты екенін талдадық, соның ішінде кейінгі өзге ортадағы бала тәрбиесінің негізі — мұғалім мен ата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуі мен өзара тығыз қарым – қатынастың болуымен негізделеді.
Үзіліссіз ұрпақ тәрбиесіндегі қос босаға — тәртіп пен мәдениет күллі адам атаулының күнделікті әдеттеріне айналған кезде, біздер мейірімі мол қайырымды қоғамды құрып қана қоймай, зорлық — зомбылықсыз балалық шақтың шаңырағын биіктете түскен болар едік.
Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз, қорғансыз бөлігі. Олардың құқығын жоғары деңгейде қорғауды қамтамасыз ету, оларға зорлық-зомбылықсыз жарқын балалық шақ сыйлау- баршамыздың борышымыз.
«Қордай аудандық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өмірдегі қиын жағдайға ұшырап, депривацияға тап болған нәзік жандыларымыз бен олардың балаларына қолдау көрсетіп көмекке келетін орталық. Орталықтың сенім телефоны тәулік бойы қоңыраулар қабылдайды. Тел: 87780521620,872636 (45400).

Leave A Reply

Your email address will not be published.