БЕЗГЕК АУРУЫН БОЛДЫРМАУ ҚАЖЕТ

0

Безгек індеті сау адамға анофелес текті маса шаққан ауру адам арқылы жұғады. Безгек індетінің микроскоп арқылы ғана көрінетін паразитті ұрықтары, адам мен маса ағзаларында 2 цикл кезеңінде өсіп өнеді.

Безгек індеті безгекпен ауырған адамдар мен паразит тасығыштар бар жерде, безгек масаларының өсіп — өнуіне ынғайлы жерлерде кездеседі.
Адам мен жануарларды тек ұрғашы маса шағады, ал еркек масалар шөптің сөлімен қоректенеді. Безгек масалары шөбі мол, шағын таза су айдындарында өсіп өнеді. Қанға тойған маса суға жұмыртқалайды. Жылы суға /+10°С/ түскен жұмыртқалардан ұрықтар, одан құрттар пайда болып, өсіп — өну кезінде сыртқы қабығын бірнеше қайтара тастап, маса ұшып шығады. Қанында маса ұрықтары бар ауырған адам немесе паразит тасығыштар індет көздері болып табылады.
Ұстама тосын басталып, бас ауырып, қалтырап – дірілдеп, дене қызыуы 40-41°С-ка дейін көтерілсе, безгек індетінің басталу белгілері болып саналады.
Тропикалық елдерден келген адамдарда көп жылдардан кейін де осы белгілер байқалса, дереу дәрігерге көрінуі қажет. Ауырған адамның тез сауығуына, оның дәрігерге тезірек көрініп, ерте ем алуының маңызы зор.
Елді мекендердегі су айдындарына, тұрғын үйлер мен басқа да жайларға залалсыздандырғыш ертінділер пайдалану қажет. Үйдегі терезелерге тор ұстап, масаханаларды, дәрі – дәрмектерді пайдалана отырып, адамдарды масалардың шағуына жол бермеу қажет.
Аудан бойынша Карасу,Чумыш, Красный-партизан ауылдарында адам өміріне қауіп туғызатын безгек ауруын тасымалдайтын масалар мекендейтін анофелогенді көлшіктер бар, осыған байланысты эпид.мерзім кезінде сақ болуыңыз қажет.
Безгек індетіне қарсы күрес жүргізіп, алдын-алу, оның тұрғындар арасында тарауына жол бермеу-еліміздің әр азаматының міндеті!
Ғалия БЕДЕЕВА, Қордай аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы

Leave A Reply

Your email address will not be published.