ҚЫЗМЕТ ӘРІ САПАЛЫ ӘРІ ЖЫЛДАМ БОЛУЫ ТИІС

0

Бейсенбі күні аудан әкімі Бегзат Болатбеков Қордай ауылының «Батыс» ықшам ауданында бой көтерген жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты. Жақын күндері салтанатты түрде ашылуы жоспарланып отырған қызмет орталығы қазір жұмысын бастап кеткен. Жалпы аумағы 1715,5 м2 болатын нысанда үш әлеуметтік қызмет

көрсету орталықтары орын тепкен.

Жаңа әрі кең залда 5 қызмет көрсету – жылдамдық, әлеуметтік қызмет, жайлылық, байланыс және өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарына бөлінген. Кезегін күткен азаматтарға жайлылық үшін орындықтар мен пуф-дивандар бар. 100 көлікке арналған автотұрағы да арнайы сызықтармен белгіленген.

Аудан әкімі халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Мақсат Сармановпен бірге орталық жұмысымен танысып, бірқатар ескертулер мен ұсыныстарын айтты.  Олардың қатарында қызмет көрсету сапасы мен жылдамдығын арттыру, ғимарат ішіндегі және сыртындағы жарықтандыруға мән беру, білікті мамандарды тарту бойынша ұсыныстар болды. Аталмыш ескертулерді орындауға белгілі уақыт та берілді.

-Жаңа ғимаратқа көшкен соң қызмет көрсету, жалпы тұрғындар тілегіне құлақ асу, лайықты жағдай жасау біздің міндетіміз. Қазір жақсы ғимарат салынды. Барлық мүмкіндіктер жасалуда. Енді сіздер өз тараптарыңыздан сапалы әрі жылдам қызмет көрсетуге барынша күш салуларыңыз қажет, — деді аудан басшысы.

ХҚКО ғимаратында аудандық тіркеу және жер кадастрі, әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері де орналасқан. Оларға да арнайы кірген Бегзат Сейсенқұлұлы мамандармен сөйлесіп, қызметкерлер мен қызмет алушыларға толыққанды жағдай жасау үшін шұғыл арада аудандық әкімдікке ұсыныспен шығу қажеттілігін баса айтты. Сондай-ақ, ХҚКО басшысына ғимарат айналасындағы абаттандыру мәселесімен айналысу қажеттігін жеткізіп, бірқатар жауапты мамандарға тапсырмалар жүктеді.

Жандос ОМАРОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.