САПА МЕН МЕРЗІМГЕ МӘН БЕРУ ҚАЖЕТ

0

Қордай ауданына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Жантемір Шакиев және Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Азиз Әлиев келді.

Жұмыс сапары барысында қонақтар Қордай ауданында жаңадан салынып жатқан аудандық сот ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Нысандағы жұмыстардың барысы туралы аудан әкімі Бегзат Болатбеков және құрылысқа жауапты мердігер ұйымдардың өкілдері баяндап, атқарылып жатқан жұмыстар, нысанның қазіргі жай-күйі және алдағы міндеттер жөнінде ақпарат берді. Тапсырыс беруші – аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі, ал мердігерлік мекеме «Qaz Line Construction» ЖШС-і. Аталмыш бөлім басшысы Бауыржан Жәнетұлы арнайы тақта арқылы жалпы жұмыстың атқарылуы, жобасы, жоспары жайында баяндама жасап өтті.

Еске сала кетсек, құрылыс жұмыстары 12 маусымда бастау алған болатын, мердігерлер барлық жұмыс жоспарға сай жүріп, уақытылы аяқталатынын жеткізді. Кездесу барысында сапаға мән беріп, барлық талаптарды оңды орынду қажеттілігі айтылды.

Жаңа ғимараттың салынуы аудан тұрғындарына сот қызметтерін көрсету сапасын арттыруға, сот жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға және азаматтарға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Жандос ОМАРОВ

Leave A Reply

Your email address will not be published.