ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАРАЛДЫ

0

Бейсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбайдың төрағалығымен Қордай ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің II отырысы өтті.

Кеңес отырысына аудан әкімдігінің тиісті бөлім басшылары, аудандағы ҮЕҰ жетекшілері, аудандық этномәдени бірлестік жетекшілері қатысты.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, «Мол нәсіп» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дариякүл Жайлаубекова, «Іскерлер әлемі» корпоративтік қорының жетекшісінің м.а. Индира Таурбаева, «Сезім «мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Наталья  Вебердің 2023 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Кеңес барысында қатысушылар пікір алмасып, хаттамалық тапсырмалар берілді. Аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай ҮЕҰ жетекшілері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды аудан тұрғындарына көрсету мақсатында әлеуметтік желіде ресми парақшаларын ашып, тұрақты түрде мәліметтер жариялап тұру туралы ұсынысын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.