Өз таңдауыңды жасап, дауыс бер

0

Сайлауға қатысу әркімнің ерік білдіру бостандығы және кез келген азаматтың азаматтық борышы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауын тағайындау туралы үндеу жариялап, тиісті Жарлыққа қол қойған болатын. Үндеуде Мәжіліс сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді деп көрсетілген.

Осыған байланысты Гвардейск гарнизонында дауыс беруге арналған үш сайлау учаскісі орналастырылды. Атап айтар болсақ – гарнизон тұрғындары мен әскери қызметшілерге Гарнизондық офицерлер үйінде 266-шы және Бауыржан Момышұлы атындағы 43-ші орта мектепте 267-ші сайлау учаскілері орналастырылды. Ал, 21450 әскери бөлімінің мәдени демалыс орталығында мерзімді қызметтегі сарбаздарға арналған 268-ші сайлау учаскісі орналыстырылды. Осы сайлау учаскілерінде гарнизондағы барлық тұрғындар мен әскери қызметшілер өз таңдауларын жасап, дауыс береді. Сайлау учаскілерінде сайлау бюллетеньдер беретін орындар және дауыс беруге арналған кабиналар мен жәшіктер белгіленген тәртіппен орналастырылған. Сайлау учаскілерінде санитарлық нормаларды сақтау мақсатында дауыс берушілердің арақашықтық сақтауына арналған белгілер мен антисептиктер қойылды және сақтық шаралары мен бетпердесіз кіруге тыйым салыну туралы хабарламалар ілінді.

«Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңының талаптарына сай Гвардейск гарнизонында орналастырылған 268-ші жабық сайлау учаскісі қазіргі таңда дайындық іс-шараларын бітіріп, сайлау науқанын сапалы өткізуге дайындықты аяқтады. 268-ші жабық сайлау учаскісінде Гвардейск гарнизонында орналастырылған мерзімді қызметтегі сарбаздар өздерінің даусын беру арқылы мәжіліс депутаттарын партиялық тізім арқылы сайлайды», — дейді 268-ші сайлау учаскісінің комиссия төрағасы подполковник Айбек Бодан.

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихаты сессиясының шешімімен бекітілген учаскелік сайлау комиссиялары құрылды. Атап айтсақ – комиссия төрағасы, комиссия төрағасының орынбасары, комиссия хатшысы және комиссия мүшелері тағайындалды. Жоспардың бірінші кезеңінде сайлау учаскілерінде дайындық жұмыстары толықтай жүргізілді. Ал, жоспардың екінші кезеңі бойынша дауыс берушілердің тізімдері анықталды. Жалпы қорытындалай келгенде қазіргі таңда Гвардейск гарнизоны дауыс беруге толықтай дайын.

«2021 жылдың 10 қаңтарында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихат депутаттарын кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізу үшін 267-ші учаскілік сайлау комиссиясы өз жұмысын атқаруда. Сайлау учаскісінде 9 адамнан тұратын сайлау комиссиясы құрылған. Қазіргі уақытта сайлау комиссиясы іс-шаралар жоспары бойынша жұмыс атқарып, сайлаушылар тізімі нақтыланды. Өтіп жатқан іс-шаралар Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңы негізінде жасалып жатыр», — 267-ші сайлау учаскісінің комиссия төрағасы  Рано Оралбекова.

 

Гвардейск гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы майор Жомарт Тажиханов

Leave A Reply

Your email address will not be published.