Қашанда еңбегімен еленген, бүгінде ел қариясына айналған жандардың тілегі – ел тыныштығы, балаларының жарқын болашағы. Сол жарқын болашақ үшін Масаншы ауылының 101 жасар тұрғыны Инва Гуанло бүгін дауыс берді.
Ғасыр құрдасына сайлау комиссиясы мүшелері арнайы барып, қария өз таңдауын жасады.
«Ең бастысы – еліміздің өркендеу жолына түсуі, дамуы және көп ұлттың ортақ шаңырағы атанған Қазақстанымыздың гүлденуі», — деді ақсақал.