ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ ҚАЖЕТ

0

12 тамыз күні «AMANAT» партиясынан депутат, Қордай аудандық мәслихаттың хатшысы Нұрдин Садықовтың төрағалығымен мәслихат сессиясы өтіп, оған аудан әкімі Мәден Мұсаев, депутаттар, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім және мекеме басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Бірінші кезекте аудан әкімі Мәден Мұсаевтың жүктелген міндеттер мен қызметті атқару жөнінде есебі тыңдалды. Аудан басшысы атқарған жұмыстары туралы жан-жақты баянадамасынан кейін сөз алған депутаттар Айман Ашимова мен Таня Апаева Мәден Тоқтарбайұлының ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша атқарып жатқан аумақты жұмысын атап өтті. Депутаттар бірауыздан аудан әкімінің жұмысына оң бағасын берді.
Келесі кезекте «Аудандық полиция бөлімінің көші-қон бөлімшесінің халықты құжаттандыру бойынша атқарып жатқан жұмысы туралы» мәселесі бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Дархан Рысдәулетовтың баяндамасы тыңдалды. Баяндаманы мұқият тыңдаған халық қалаулылары көші-қон бөлімшесінің жұмысын жеткілікісіз деп таныды, себебі есепті кездесулер мен жеке қабылдаулар кезінде тұрғындар азаматтық алу бойынша ықпал ету сұрақтарымен жиі жүгінеді екен. Дегенмен, «Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықты жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) ішкі істер органдарының қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына сай аудандық, қалалық ішкі істер органдарында, ПД-де, Қазақстан Республикасы ІІМ-де және Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік органдарының өтінішхатты (өтінішті) қарау мерзімі осы органдардың әрқайсысында бір ай, ал жалпы алғанда — алты айды құрайды. Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) туралы материалдарды қарау мерзімі өтініш берген сәттен бастап үш айды құрайды, дегенмен, азаматтар азаматтық алуға қажетті құжаттарды тапсырып, белгіленген мерзімнен аса күтетін жағдайлар кездесуде. Аудандық полиция бөлімінің басшылығына Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға қажет құжаттарды уақытылы рәсімдеу жұмыстарын бақылауды күшейту және азаматтардың арызын қарау кезінде қағазбастылыққа жол бермеу ұсынылды.
Содан кейін «Бюджетке салық жинау бойынша атқарылып жатқан жұмыс туралы» мәселесі қаралып, Қордай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Ернар Кушанов баяндамасын ұсынды. Депутаттар бюджетті толықтыру бойынша атқарылып жатқан жұмысқа қарамастан оны жеткіліксіз деген пікір білдірді. Қосымша салқ көздерін анықтау бойынша жұмыс толық емес көлемде орындалуда, көптеген сауда нысандарында бақылау- кассалық машиналар орнатылмаған. Мәселен, аталмыш мәселені зерделеу кезінде «колхоз» аймағының дүкенінде осы жағдай анықталған. Мәселені жан-жақты зерделеген депутаттар салық төлеушілермен жұмысты күшейтуді және бюджетке түсімдер бойынша болжамды сапалы орындауды қамтамасыз ету ұсынылды.
Содан кейін депутаттар аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістерді, 2022-2024 жылдарға арналған ауылдық округтерде жайылымдық жерлерді басқару және пайдалану жоспарын және бір қатар аудандық ведомство аралық комиссиялар құрамын бекітті. Барлық қаралған сұрақтар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.