ҚАҚПАТАСТА ПОЛИЦИЯ БӨЛІМШЕСІ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

0

Мереке қарсаңында Қақпатас ауылында тұрғын үй ғимараты бар полиция бөлімшесі пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов, аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлімхан Қарымсақов және ауыл үлкендері қатысты.

Пайдалануға берілген ғимаратта инспектордың жұмыс орны орналасқан. Онда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша барлық жағдайлар жасалған. Ал, жанында отбасымен тұруға арналған, толық жағдайымен үй бар. Онда бірнеше тұрғын бөлме, ас бөлмесі, заманауи санторабы орналасқан.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Бақыт Сахатов аудан басшысы Бегзат Болатбековтың ыстық сәлемін жолдап, инспектор жұмысына табыс тілеп, жалпы тұрғындарды Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

-Жергілікті тұрғындардың қоғамдық қауіпсіздігі мен тыныштығы ең басты орында, ал оны қадағалау учаскелік полиция инспекторына жүктелген. Сондықтан да Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің халыққа Жолдауында Ішкі істер органдарының жұмысын реформалауда учаскелік полиция инспекторларының қызметіне ерекше көңіл бөліп келеді. 4 мыңға жуық халқы бар Қақпатас және Беріктас ауылдарының тұрғындарына қызмет көрсететін тәртіп сақшысына жаңа учаскелік пунктті қолданысқа бергелі отырмыз. Өздеріңізге белгілі учаскелік инспекторлар халықпен күнделікті тікелей байланыста, азаматтарға оқыс жағдайда бірінші болып көмекке келуі қажет. Тиісінше инспекторға отбасымен бірге қызмет атқаратын ауылда тұру міндеттелген. Осыны ескере отырып, учаскелік пункттің жанынан тұрғын үй мәселесі де қарастырылды, — деді аудан әкімінің орынбасары.

Leave A Reply

Your email address will not be published.