ҚАҢҒЫҒАН ИТТЕН ҚАУІП КӨП

0

Қаңғыбас иттердің адам өміріне қауіпті екені баршаға белгілі. Қазіргі уақытта ауданымыздың ауыл көшелерінде қаңғыған иттер қаптап кетті. Балаларымыз мектепке барып-келгенше алаңдап отырамыз, деп жекеме хат жолдап жатқандар көп. Бұл мәселе ауыл тұрғындарының ватсап топтарында да жазылуда.

Осыған байланысты ауыл әкімдеріне, ветеринария бөліміне хабарласып мән- жайды хабарладым. Ветеринар мамандар мен жергілікті әкімдіктің қызметкерлері бұралқы иттердің санын азайту мақсатында жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді. Олардың айтуынша, иттерде ақпан-наурыз айларында ұйығу басталады. Сол себепті қазір көше қаңғыған төртаяқтылардың саны артқан. Бұл ретте ветеринар мамандар ауласында ит ұстайтын тұрғындарға да өз иттеріне ие болулары қажет екендігін ескертеді.

Өйткені егер үй жануарының иесі оларды серуендету мен ұстаудың барлық ережесін сақтамаса заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Сондықтан ит асырасаңыз, осыны ескеріңіз. Қандай жағдай болса да, иесі өз иті үшін жауап беретінін ұмытпаңыз.

Қаңғыған иттерден келетін қауіптің алдын алу мақсатында жергілікті әкімдік, ветеринария қызметімен бірлесіп жұмыс істеуіміз қажет.

Әлібек ОМАР, Қордай аудандық мәслихатының депутаты

Leave A Reply

Your email address will not be published.