Жұмыстың сапасы сын көтермейді

0

Бүгінгі таңда «ҚазАвтоЖол» Ұлттық Компаниясы» АҚ Жамбыл облысы Қордай аудандық филиалының жұмысшылары Қордай ауылы Жібек жолы көшесінің бойындағы жол жиегінде орналасқан арықтарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.  Нақтырақ айтқанда, көшенің аудандық Мәдениет үйі орналасқан бөлігі тазаланып жатыр. Алдағы толассыз жаңбыр мен еріген қар суын кедергісіз шығару мақсатында бұл уақытылы қолға алынған құптарлық іс. Дегенмен, аудандық мәслихат депутаттары мұндағы жұмыстың сапасы сын көтермейтінін айтуда. Мәслихат депутаты Әлібек Омар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында: «Жұмысшылар арықтың үстіне арматуралары шығып кеткен ескі плиталарды қайта жауып жатыр. Жапқанда да бірқалыпты емес, қисық-қисық орнатуда. Тіпті, адам аяғы түсіп кететіндей тесіктерді байқадық. Республикалық маңыздағы жолдың құрылыс жұмыстарына жауапты мекеменің жұмысшыларына бұл жайында бірнеше рет ескерткенбіз де»,-деп жазған. Жаяу жүргіншілердің өміріне қауіп төндіретін олқылықтарды жауапты мекеме алдағы уақытта түзетеді деген сенімдеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.