ҚАРА ЖОЛ ҚАТЕЛІКТІ КЕШІРМЕЙДІ

0

«Жол амандығын берсін» деп, рөлге ақ ниетпен отырғанымен, көлік жүргізушілердің көпшілігі жолға шыға бәйгеге түскен жүйрік аттай жүйтки жөнеледі. Жылдамдықты шектен тыс асырғандықтан қаншама автомобильдер жетер жеріне жете алмай, тас жолда талай тағдырлар үзілуде…

Қордай аудандық полиция бөлімінің берген мәліметіне сәйкес, 2024 жылдың 1 айында Қордай ауданы автожолдарында 24 жол-көлік оқиғасы орын алды, салдарынан 7 адам қайтыс болып, 42 адам жарақат алған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл жол апаты артқан (33-тен 200,0% ), қайтыс болғандар 200% (0 ден 7 дейін) және жарақат алғандар саны -162,50% (16 ден 42 дейін) көбейген. Жүргізілген талдау нәтижесінен белгілі болғандай жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жүргізушілердің жылдамдықты шектен тыс асыруынан, рөлде ұйықтап кетуінен және тағы басқа да себептерден болуда.

«Қордай ауданы полиция бөлімі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, облыс автожолдарында апаттылықты тұрақтандыру және қала мен елді мекендердің көше-жол желілерінде жол қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру бойынша барлық ұйымдастырушылық және практикалық шараларды қабылдауда. Жол-көлік оқиғаларының алдын алудың сәтті шараларының бірі – жүргізушілерге жол бойында орын алған ЖКО-ның суреттерін көрсете отыра, жылдамдық шектеулері туралы алдын ала хабарлау.

Аудан бойынша:

– республикалық маңызы бар автожолдарда: Батыс Европа – Батыс Қытай 237 шқ Алматы бағытына, Батыс Европа – Батыс Қытай 159 шқ Тараз бағытына, «Алматы-Ташкент-Термез» 117 шқ Тараз қаласы бағытында, 212 шқ Алматы қаласы бағытында, «Қырғызстан республика- сына кіреберіс (Қарасу)» 0 шқ шекара бағытында, 17 шқ Қордай ауылы бағытында.

— аудандық маңызы бар автожолдарда: «Қордай ауылына кіреберіс» Қарасу ауылы бағытында, «Қызылсай-Ауқатты-Сортөбе» Ауқатты ауылы №9 орта мектеп алдына Сортөбе ауылы бағытында, Бұлар Батыр ауылына кіреберіс Сортөбе ауылы бағытында, «Қарасай Батыр-Еңбек» 0 шқ. Қарасай батыр ауылы бағытында, Еңбек ауылы Қаракемер ауылы бағытына, «Отар-Үлкен Сұлутөр» 15 шқ Қордай ауылы бағытына билбордтар немесе панно орнату қажет деп санаймыз»,-дейді аудандық полиция бөлімінің бастығы Ә.Қарымсақов.

Тиісті шаралар қолға алынып жатқанымен, өзінің ғана емес, өзгенің де өміріне немқұрайды қарайтындардың қатары азаймай тұр. Мұндайда әр аза- мат жолда жүру мәдениетін сақтап, жауапкершіліктің салмағын тереңнен сезінуі қажет-ақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.