Қарияларға сүйеніш болған орталық

0

Біз балаларымызды үлкенді құрметтеуге, түн ұйқысын төрт бөлген ананы, асқар тау әкені сыйлауға тәрбиелейміз, ата-әже – төрімізде отыратын қазынамыз деп үйретіп, бар адами қасиеттерді саналарына сіңіруге тырысамыз. Десекте, өмірде бәрі біз ойлағандай бола бермейді. Сан түрлі тағдырлар тоғысқан ауданымыздағы №7 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығы осының дәлелі.

Орталықты пана еткен қызмет алушылар тағдырдың жазуымен бауыр еті баласының махаббатын, ата-әжелеп мойынға асылған немерелерінің жылуын көрмесе де, біз оларға бар мейірімімізді сездіріп, қамқорлығымызды аямаймыз. Өйткені, қариялар жас баладай сезімтал келеді, бұрыңғыдан да көбірек сүйіспеншілік, құрмет күтеді.

Орталықта жыл басынын 17 жалғыз басты қартқа жеті бағыт бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді, оның ішінде  өз еркімен 2 қызмет алушы орталықтан шығып,  2 қызмет алушы жаңадан қабылданды. 1 қызмет алушы денсаулығына байланысты  Тараз қаласына «№1 АӘҚҰО» КММ-не  ауыстырылды.

Бүгінгі күнге мекемеде 14 қызмет алушы әлеуметтік қызметтер алуда. Оның  барлығы да жалғыз басты зейнет жасындағы адамдар, оның ішінде 13 қызмет алушы өздігінен жүріп-тұра алады, ал 1 қызмет алушы өз-өзіне қызмет көрсете алмайды.

Арнаулы әлеуметтік қызмет алушыларды  қажеттілігіне сәйкес  мекеме мамандары қызметтік көлікпен аудандағы  сауда орталығына, орталық базарға, зейнетақыларын алу үшін банкке және дүкендерге тұрақты түрде алып барып тұрады.

Әлеуметтік қызметкер, қызмет алушылардың қажеттілігін айқындап, ҚБШ-ға түскен қаражат есебінен уақытылы, санитариялық гигиеналық заттарға тапсырыс  беріліп таратылды, бүгінгі таңға үнемделген қаржы есебінен киім-кешекке тапсырыс берілді.

Қызметкерлер үшін ішкі еңбек тәртіп ережесі, қызмет алушылар үшін ішкі тұру тәртібінің ережесі бекітіліп, әрбір қызмет алушы таныстырылған. Сонымен қатар, қызмет алушылардың қажеттілігін айқындау парағы  негізінде бір жыл мерзімге жеке жұмыс жоспары құрылған және қызмет алушылардың жай-күйіндегі өзгерістер тоқсан сайын қаралып, өткізілген  іс-шараларды және тоқсан сайынғы мониторинг қорытындылары электрондық картотекаға енгізілген.

Мұнда қызмет алушылар ертеңгілік, түскі, бесін және кешкі аспен қамтамасыз етілген. Ыстық тамақ сапалы тағамдардан әзірленуде, теңгерімділігі мен калориялық талаптарына жауап береді, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес және қызмет алушылардың денсаулық жағдайы ескерілген.

Орталықта жыл сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспары және өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі  бойынша нұсқаулықтар бекітілген.

Қызмет алушылардың денсаулықтарын да үнемі бақылауда ұстаймыз. Жыл басынан 61 қызмет алушы аудандық аурухананың дәрігерлерінің қабылдауында болған.

Жұмыс жоспарына сәйкес қызмет алушыларға аурулардың алдын алу жөнінде  әңгіме кеңестер, дөңгелек үстелдер, семинарлар түрінде кездесулер өткізілуде (жіті респираторлық вирустық инфекция, тұмаудың алдын алу, кенелік энцефалит, менингит, қышыма қотыр, туберкулез, обыр (қатерлі ісік).

Әлеуметтік-психология саласы бойынша көрсетілетін қызметтерге сай, 15 қызмет алушы бақыланып психодиагностикалық пакет жүргізілді. Психологиялық алдын-алу, психологиялық кеңестер, психологиялық көмек, психологиялық тренингтер, психологиялық жеке және топтық түзету жұмыстары жүргізілуде.

Қарттарға арнаулы әлеуметтік-еңбек қызметтерін жүргізу барысында қызмет алушылардың бойындағы еңбек дағдыларын зерттеп –тексеру. Арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен жұмыс істей отырып, өмір сапасын жоғарылату, психикалық  жағдайдың тұрақтылығына жету, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, қоғаммен қарым-қатынасты байланыстыру, өзін-өзі бағалау мен сана-сезімін көтеру мақсатында үйірме жұмыстарына тартылды.

Әлеуметтік-мәдени қызметтер көрсету мақсатында жұмыс жоспарына сәйкес атаулы мерекелер қарсаңында мәдени іс-шараларға, концерттік бағдарламаларға қатысып, өлең айтып, би билеп өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар, қызмет алушылардың туылған күндерін атап өту дағдыға айналған. Атап айтқанда:

— 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылған күніне орай, Ауған соғысының ардагерлерімен кездесу;

— 1 наурыз Алғыс айту күніне орай, мектеп оқушыларын тарта отырып, ұйымдастырылған концерттік бағдарлама;

— 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты концерттік бағдарлама;

— 14 наурыз «Көрісу күніне» орай, «Амал келді. Жыл келді.» атты іс-шара;

— 22 наурыз мерекесіне арналған «Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!» атты концерттік бағдарлама;

—  1 сәуір күлкі күніне орай «Күлкі жәрмеңкесі»

— 7 мамыр «Отан қорғаушылар» күніне орай ер қызмет алушылар мен ер қызметкерлерді құттықтау,

— 9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесіне орай, «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.

Мамыр айында Кенен ауылындағы «Кенен Әзірбаев әдеби-мемориалдық» музейіне, маусым айында Өтеген ауылындағы «Өтеген кесенесіне» барып кайтты.

Әлеуметтік-экономикалық саласы бойынша  бір қызмет алушының банкоматтық қарточкасының мерзімі аяқталып , жаңадан жаңартылды. Бір қызмет алушының жеке куәлігінің мерзімі аяқталуына байланысты, жаңадан жаңартылды. Әлеуметтік-құқық саласы бойынша  жаңадан  қабылданған қызмет алушылар орталықтың  мекенжайына тіркеуге тұрғызылды.

 

     А.Алматаева, «№7 Қордай аудандық арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының директоры

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.