ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

0

Өткен сенбі күні аудандық Мәдениет үйінде қарттар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Ауданымызда бұл мерекені тойлау жақсы дәстүрге айналған. Жылдағыдай аудан басшылығы қарияларға құттықтау сөздерін айтып, құрмет көрсетті.

 

Мәдениет үйіне алтын уақыттарын бөліп келген көрермендерді аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов және Қордай ауылдық округінің әкімі Әділет Қаспақбаев құттықтады. Ізгі тілектерден кейін Бейқұт Жамангозов «Атамекен» ақсақалдар оркестрінің жетекшісі Булар Байшимировқа бағалы сыйлық пен Құттықтау хатын ұсынса, Әділет Қаспақбаев та бірқатар тұрғындарды марапаттады.

Осыдан кейін сахна шымылдығы «Атамекен» ақсақалдар окестрінің орындауындағы «Армандастар – құрдастар» атты әнімен ашылды. Ақсақалдар оркестрінің әні көптің көңіліне жылылық ұялатты. Сахна төрінен орын алған қос жүргізушінің сөздері жүректен шығып, жүректерге жетті. «Атамекен» ақсақалдар окестрі репертуарларындағы барлық әндерді көпшіліктің назарына ұсынып, мәдениет үйінің іші ыстық ықылас пен шынайы қошеметке толды. Ауылдардан арнайы келген қарттар дән риза болып, ерекше көңіл-күймен тарқасты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.