Қарттарымыз – қазынамыз!

0

Гвардейск гарнизонындағы Құрлық әскерлері оқу орталығының ұжымы мен 75263 әскери бөлімінің жеке құрамы ардагерлерді «Қарттар күні» мерекесімен құттықтады.

Ақылы дария қарттарымызға көрсетілетін сый мен құрмет ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан дәстүр. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы.
Әскери бөлімдердің тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің басшысылары мен әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметі, сондай-ақ әскери-патриоттық клубтың мүшелерімен бірге гарнизондағы қарттар мен ардагерлерді мерекесімен құттықтап, әскери бөлім басшылығының ізгі тілектерін жеткізіп, сыйлықтар табыс етті.
– Үлкенге құрмет, кішіге ізет таныту – ата-бабаларымыздың атам заманнан сақтап келе жатқан дәстүрі, танымы. Осындай тамаша дәстүрді жалғастыру – біздің міндет. Ертең ел тізгінін ұстайтын жастарды әскери-патриоттық клуб мүшелерімен бірге ұйымдастыруымыз да бекер емес, – деді тәрбие және идеологиялық жұмыстары бөлімінің идеологиялық жұмыстары жөніндегі аға офицері ұлан капитаны Гүлназира Самашова.
Мерекелік шарада гарнизон қарттары әскери бөлім басшылығына ізгі тілектері мен алғыстарын білдірді.
Гвардейск гарнизонының
баспасөз қызметі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.