Қазақстан экономикасының өсімі 10 айда 4,5% болды

0

Қазақстан экономикасының өсімі 10 айда 4,5% болдыҰлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, 2026 жылдың қаңтар-қазан айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның нақты ЖІӨ өсімі 4,5% болды. Бұл 9 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,3 пайыздық тармаққа жоғары.Экономикалық өсімге негізгі үлес қосқан шикізаттық емес сектор болды, ол алдын ала бағалау бойынша 5,6%-ға өсті.Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,5%-ға артты.Бұл ретте өңдеу өнеркәсібінің өсу қарқыны тоғыз айдағы 8,6%-дан ағымдағы жылдың он айында 9,3%-ға дейін жеделдеді.Өңдеу секторында ең жоғары өсу қарқыны машина жасауда (22,2%), фармацевтикада (50,9%), дайын металл бұйымдарын өндіруде (30,4%), химия өнеркәсібінде (21,9%), резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде (18,1%), тамақ өнімдерін өндіруде (13%), құрылыс материалдарын өндіруде (5,4%) байқалады.Құрылыста өсім 13,1%, көлік және қоймалау саласында — 7,5%, саудада — 6,2%, ауыл шаруашылығында — 5,2%, байланыста — 4,9% болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.