Қазақстан мен Корея Республикасы арасында өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы бірқатар меморандумға қол қойылдыҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары аясында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі желісі бойынша жалпы сомасы $401,9 млн болатын 15 құжатқа қол қойылды.

0

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының қатысуымен «Астана Моторс» ЖШС мен Hyundai Motor Company арасында жаңа Hyundai Tucson моделін өндіру туралы құны $67 млн болатын келісімге қол қойылды. Hyundai Motor Company Қазақстанға жаңартылған Hyundai Tucson моделін өндіру үшін жаңа технологияларды шағын торапты әдіспен береді.

Бүгінде Қазақстанда Hyundai Tucson автокөлігі жоғары деңгейдегі локализациялау бойынша өндіріліп келеді. Әлемдік тұсаукесер аясында модельдің жаңа нұсқасы таныстырылды. Компания модельдің технологиялық платформасын айтарлықтай жаңартқан. Қазақстанның осы жаңа технологияларға қол жеткізуі автомобиль өнеркәсібін дамытудағы маңызды қадам болып саналады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.