Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин онлайн форматта «Қазақстан – Сириус» халықаралық білім беру инфрақұрылымының капсуласын салу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Келешек білім беру кешенінің іргетасына рәміздік капсуланы елордалық оқушылар Қазақстанның Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовамен, «Сириус» федералдық аумақ кеңесінің төрағасы әрі «Талант и успех» қорының жетекшісі Елена Шмелёвамен бірге қалады.