Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путинне Амур жолбарыстарын Қазақстан аумағына жерсіндіру жобасы таныстырылды, деп хабарлайды baq-orda.kz.
Мемлекет басшыларына көрсетілген бейнероликте төрт Амур жолбарысын Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағына жіберу сәті бейнеленген.
Мамандар жыртқыштарды бақылауда ұстау үшін оларды табиғи ортаға жіберер алдында арнайы жерсеріктік қарғыбаулар орнатқан.