Қазақстан Жаһандық инновациялар индексінде 8 сатыға көтерілді Қазақстан 2026 жылғы Жаһандық инновациялар индексінде (GII) 8 сатыға көтеріліп, әлемнің 139 экономикасының арасында 73-орынға ие болды. Осылайша, инновациялық даму деңгейі ең жоғары әлемнің 80 экономикасының қатарына енді. Бұл – Орталық және Оңтүстік Азия елдері арасындағы ең жоғары өсім.

0

GII-2026 индексінің жаңа нәтижелері Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ) Женевадағы штаб-пәтерінде таныстырылды. Биылғы индекс «Ғылымның алдыңғы шебіндегі кәсіпкерлерді қолдау» тақырыбына арналған. Зерттеуде ғылыми жаңалықтар мен озық технологияларды стартаптарға, технологиялық компанияларға және ауқымды шешімдерге айналдыру мәселелері қарастырылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.