Қазақстандағы алғашқы АЭС: негізгі келісімшартқа қол қойылды

0

Енді тараптар Қазақстан Үкіметімен қажетті келісімдерді қоса алғанда, көзделген рәсімдерден өтуі тиіс. Бұл талап 2026 жылғы 28 мамырдағы үкіметаралық келісімде бекітілген.

Агенттік жобаны іске асыру барысында жергілікті қамтуға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Құрылыс жұмыстарына қазақстандық кәсіпорындар мен мамандарды барынша тарту, сондай-ақ отандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді пайдалану жоспарланып отыр.

Ведомствоның мәліметінше, станция құрылысы жаңа өндірістердің пайда болуына, технологиялардың енгізілуіне және білікті кадрларды даярлауға ықпал етуі тиіс. Атом энергетикасы өнеркәсіп, инфрақұрылым, цифрлық сервистер мен жасанды интеллект жүйелерінің электр энергиясына сұранысының өсуі жағдайында елді тұрақты базалық электр энергиясымен қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.